"Түк те ерсі емес": Жұмыс орнында шаш боятқан балабақша меңгерушісі елдің қызу талқысына түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 484.78
  • 558.66
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Түк те ерсі емес": Жұмыс орнында шаш боятқан балабақша меңгерушісі елдің қызу талқысына түсті

"Түк те ерсі емес": Жұмыс орнында шаш боятқан балабақша меңгерушісі елдің қызу талқысына түсті

Желі қолданушылары қызметкерді даттаудың орнына, көпшілігі жақтап шыққан, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. Желіде тараған мәлім

  • 9 Маусым
  • 5
Фото: Instagram/go_semey

Желі қолданушылары қызметкерді даттаудың орнына, көпшілігі жақтап шыққан, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Желіде тараған мәліметке сәйкес, жұмыс орнында шашын боятып отырған келіншек Абай облысы Бородулиха ауданының Білім басқармасына қарасты «Солнышко» балабақшасының меңгерушісі Майкенова Айнұргүл Нұртайқызы болған.

Бір қызығы көпшілігі балабақша меңгерушісінің бұл әрекетін сынға алмаған. Олар: «Түк те ерсі емес, дұрыс, білім саласында жүрген мұғалімдердің де, мектеп диекторларының да, балабақша меңгерушілері мен тәрбиешілердің де қазір уақыты жоқ. Олар да адамдар, жұмыстан тыс уақытта үлгермесе, қашан үлгереді?», «Жұмысқа сіңіп кетпей, дұрыс қой бір мезгіл өзіне қарағаны, әйел адам өзіне уақыт таппаса, біреу үшін өмір сүріп кетеді, қолдаймын» деген пікірлерді жарыса жазып жатыр.