Жарияланды: 640

Тың игерудің 50 жылдығына орай Солтүстік Қазақстан облысында кітап жарық көрмек

2004-жылдың наурызында Солтүстік Қазақстан облысы Тың игеру науқанының 50 жылдық мерейтойын атап өтеді. Осы оқиғаға орай облыс басшылығы астықты өңір тарихындағы ең бір елеулі әрі маңызды кезеңдер туралы баяндалатын кітап басып шығаруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қуат Есімханов облыстық әкімшіліктегі мәжілісте хабарлады.

Әзірше атауы тағайындалмаған кітап екі тілде 10 мың данамен жарық көрмекші. Отырыста бұл жобаны қаржыландыру мәселесі де талқыланды. Кітапты басып шығаруға облыстың барлық ауданы қаржы бөлетін болып келісілді. Осы мақсатпен облыстық мәдениет департаментінде арнаулы есепшот ашылды. Редколлегия құрамы Қ.Есімхановтың басқаруымен бекітілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть