"Тыр жалаңаш cуреттеріңді саламын": Меруерт Түсіпбаева өзін біреулердің қорқытып жүргенін айтты (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Тыр жалаңаш cуреттеріңді саламын": Меруерт Түсіпбаева өзін біреулердің қорқытып жүргенін айтты (ВИДЕО)

"Тыр жалаңаш cуреттеріңді саламын": Меруерт Түсіпбаева өзін біреулердің қорқытып жүргенін айтты (ВИДЕО)

Белгілі әнші Меруерт Түсіпбаева әлеуметтік желідегі өткір жазбалары үшін әлдебіреулердің қорқытқанын айтты.

  • 24 Қараша 2020
  • 1380
Фото - Caravan.kz

Әншінің айтуынша, белгісіз біреулер оған тыржалаңаш жатқан суреттерін ғаламторға жүктейтінін айтып бопсаламақ болған деп хабарлайды, Caravan.kz медиа порталы. .

Меруерт Түсіпбаева аталған жағдай  желіде көпшіліктің ашу-ызасына тиген оқиғаға қатысты болуы мүмкін деп ойлайды. Бұл жайлы ол "Paparazzi" бағдарламасында айтты. Белгісіз адамдар эстрада жұлдызына оның тыржалаңаш жатқан суреттерін желіге тарататынын айтып қорқытпақ болған. 

"Мен сол кісі деп нақты айта алмаймын. Бірақ, сол уақытта балаларға қарбыздың қабығын күштеп жегізен еркек туралы жазып едім. Бірақ сл кісі ме, ол емес пе нақты білмедім. Бірақ, маған кәдімгідей WhatsApp-тан қорқынышты хаттар келді. Мен оларды балама көрсеттім. Мен сенің тыржалаңаш жатқан фотоңды саламын деген хаттар келді. Құдайға шүкір енді мен еш жерде тыржалаңаш жатпаппын. Бірақ, қазір фотошоп деген бар " , — деді Меруерт Түсіпбаева.

Мұның алдында әнші Түсіпбаева Нұр-Сұлтан қаласындағы 80-дегі бір қарияның өзінің қыр-соңынан қалмай, кездесуге шақырғанын айтқан болатын.


 

Соңғы жаңалықтар