Түркістан облысында өз-өзіне қол салған полицей өліміне бастығын кінәлап хат жазып кеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 440.92
  • 475.36
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
13 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркістан облысында өз-өзіне қол салған полицей өліміне бастығын кінәлап хат жазып кеткен

Түркістан облысында өз-өзіне қол салған полицей өліміне бастығын кінәлап хат жазып кеткен

Түркістан облысында полиция майоры өзіне қол салып, ажал құшты. Ал марқұмның мәйітінің жанынан өлер алдындағы қоштасу хаты табылды

  • 28 Сәуiр
  • 39
Фото - Caravan.kz

Ол жерде тәртіп сақшысы өліміне бастығын кінәлаған. Содан бері ес жия алмай жүрген Жүзеевтер отбасы арада екі ай өтсе де, тергеудің мардымсыз жүріп жатқанын айтады және қысымнан қайтыс болды деген ұлдарының ажалына себеп болғандардың қатаң түрде жазалануын талап етіп отыр, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Massaget.kz — ке сілтеме жасап.

Әзіретәлі Жүзеевтің ұлы Ратбек Жүзеев биыл 12 наурыз күні өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болды. Әзіретәлі Жүзеевтің сөзінше, баласын қаза болардан бір күн бұрын бөлім бастығы шақырған.

Әзіретәлі Жүзеев, марқұмның әкесі:

«11 күні кешкі 17:00-де полиция бастығы Қуашбаев Ғалымжан маған хабарласты. «Сіз Ратбектің папасысыз ба?» деп, «Иә» дедім. «Сіз келіп кетіңіз маған, Ратбектің артынан қылмыстық іс қозғалайын деп жатыр» деді. 240 мың ақша мылтыққа қарыз екен деп. 240 мың қарыз болса, мен-ақ бере салайын» дедім. «Онда ертең балаңызды ертіп келіңіз» деді», — дейді марқұмның әкесі Әзіретәлі Жүзеев.

Кездесуден шыққан соң әкесі дереу ұлына хабарласып, мән-жайды сұраған. Ратбек бастығының өзінен «орнын босатуды талап еткенін, келіспеген соң, өзі жоқ кезде қызметін ауыстырып жібергенін» жеткізіпті.

«Әкесіне, нағашысына қару істеп бергенмін. Сол нәрсенің бәрін тегін істеп бергенмін. «Ішкендерің, лишениеге кеткендерге толтырған протоколдарды жоқ қылып, ақшасын маған әкеп бер» деді. Мен «ол тірлікті істей алмаймын» дедім. «Істемесең орныңды босат» деді. Істейтін, ақша алатын адам орныңа табылады. Сонымен мені қызметтен босатты» деп айтты ұлым»,- дейді марқұмның әкесі.

Марқұмның анасы полиция бөлімінің бастығы ұлы көз жұмғаннан кейін 16 күн өткен соң келді дейді. Көңіл айтуға келген кезінде «мінезі қызметіне тура келмейтіндіктен» басқа орынға ауыстырғанын айтыпты.

Жақындары Ратбек Жүзеевке қысым көрсетілгеніне сенімді. Олардың сөзінше, ол өлер алдында хат жазып қалдырыпты. Марқұм хатта ата-анасы мен балаларын жақсы көретінін айтып, өз өліміне кінәлі адамның аты-жөнін жазып кеткен.

«7 наурыз күні «Мама, мен сізді жақсы көрем» деп жазған. Сол кезде қарындастарына да жазыпты, бірақ оны мейрамға жазған шығар деп ойладық. 12 наурыз күні «Мама, кешіріңізші» деп жазғаннан кейін, «Неге бұлай жазды?» деп өзіне хабарластым. Алмаған соң, қызына хабарластым. Ол «Маған да сүйтіп жазды, «местоположение» жіберді» деді. Онысы несі, «Өлсем, осы жерден тауып аласыңдар» дегені шығар деп, іздеп, қызым мен күйеу балам тапты ғой», — деді марқұмның анасы Күлжамаш Жүзеева.

33 жасында өмірден өткен марқұмның туыстары кінәлі адам табылып, өз жазасын алса екен дейді.

«Егер пара алса, қалай мынандай үйде отырамыз. Әдемі үйде отырмаймыз ба? Жөндеу жасамаймыз ба?! Қан жұтып, зарлап еңіреп отырмыз. Қайғырып, баламыздан айырылып. Жап-жас өмірден өтті. Артында жары мен бала шағасы қалды. Кінәлі адам әлі жүр, жұмыс істеп, ешқандай жаза қолданылған жоқ. Әділеттілік іздеймін!», — дейді Күлжамаш Жүзеева. 

Otyrar.kz тілшілері мәселенің мән-жайын сұрау мақсатында Ордабасы аудандық полициясына барған. Ондағы қызметкерлер Ғалымжан Қуашбаев әкіммен есеп беру жиналысына кеткенін, ресми жауапты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі беретінін айтқан.

Ал аудандық әкімдіктің баспасөз хатшысы полиция бастығының әкімнің қабылдауында екенін жоққа шығарған.

Туыстарының қолындағы қаулыға сәйкес, аталған жайтқа байланысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша іс қозғалғаны жазылған. 

«Түркістан облысы Ордабасы ауданында полиция қызметкерінің өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Барлық жағдайлар анықталады. Сонымен қатар ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге де ақпараттар жария етілмейді», — деп хабарлады Түркістан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі.

Айта кетейік, марқұм Ратбек Жүзеевтің артында екі ұлы, бір қызы қалды.

Соңғы жаңалықтар