Түркістан облысында Референдум күні қоғамдық көлікпен жүру тегін болады - kaz.caravan.kz
  • $ 487.37
  • 532.94
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
12 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркістан облысында Референдум күні қоғамдық көлікпен жүру тегін болады

Түркістан облысында Референдум күні қоғамдық көлікпен жүру тегін болады

6 қазан күні Түркістан облысында қоғамдық көлікте жол жүру барлық азаматтар үшін тегін болады. Сондай-ақ, 167 ауылдық елді мекенде тұрғындарды тексеру үшін жылжымалы медициналық пункттер жұмыс істейді.

  • 1 Қазан
  • 4
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Дауыс беру күні 694 учаскедегі алғашқы келушілерге естелік сыйлықтар табыс етіледі. Кейбір аумақтарда жүлделі ұтыс ойындары, концерттік бағдарламалар, селфи байқаулары, ауылшаруашылық жәрмеңкелері, флешмобтар өтеді. Сонымен қатар, қариялардың бата беруі және жас жұбайлардың қатысуы жоспарланған.

«Дауыс беру азаматтардың тұрғылықты жері бойынша ұйымдастырылған референдум учаскелерінде өтеді. Референдум күні учаскелер 07:00-ден 20:00-ге дейін ашық болады. Азаматтар жеке куәлігін немесе төлқұжатын көрсету арқылы дауыс бере алады. Референдумға қатысу үшін әрбір таңдаушы өз аймағындағы учаскеде тіркелуі қажет. Егер таңдаушының тұрғылықты жері өзгертілген болса, жаңа тіркеу орны бойынша тізімге енгізу үшін деректерді жаңарту керек»-дейді Түркістан облыстық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Аңсар Усербаев. 

Естеріңізге сала кетейік, 6 қазанда еліміздегі алғашқы АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтеді.