"Тырнағыма ине тықты, асып қойып ұрды, аяғымды сындырды": Шаңырақ оқиғасы бойынша сотталған азамат түрмеде қалай қинағанын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Тырнағыма ине тықты, асып қойып ұрды, аяғымды сындырды": Шаңырақ оқиғасы бойынша сотталған азамат түрмеде қалай қинағанын айтты

"Тырнағыма ине тықты, асып қойып ұрды, аяғымды сындырды": Шаңырақ оқиғасы бойынша сотталған азамат түрмеде қалай қинағанын айтты

Шаңырақ оқиғасы бойынша 16,5 жылға сотталған Құрманғазы Өтегенов абақтыда өткен жылдары туралы айтты. 

  • 11 Қыркүйек 2023
  • 5672
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол "Уақыт көрсетеді" You Tube бағдарламасына берген сұхбатта айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

"Шаңырақтағы жерлер Храпунов, Заманбек ағаларымыз тұсында берілген. 1997 жылы оралмандарға, баспанасыз жүрген қазақтарға деп жерді Заманбек ағамыз тегін таратқан болатын. Менде 8 соттық жер болды. Оны 2004 жылы сол кездегі Әуезов ауданы әкімінің адамдарынан  3000 долларға сатып алдым. 2005 жылы үй салдым. Кейіннен сол кездегі Алматы қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов болып ауысқанда заңсыз деп  басталды. 2006 жылғы оқиғаны өздеріңіз де білесіздер қалай болғанын", — дейді ол. 

Сондай-ақ, ол абақтыда қалай қинағанын да жасырмады.

"Азаптау кіргеннен басталады. Қинау 2006 жылдан, тергеу изоляторынан басталған. Оның неше түрі бар. Ұрады, соғады, ине тығады. Инені тырнаққа, аяққа тығады, аяқты дубинкамен ұрып сындырады, беткен ұрып сындырады, асып қойып ұрады дегендей неше түрі бар. Сосын сотрудниктер мұздай суға салып тастайды.Біздің айтқанымызбен жүр, тәртіп бұзба деген мақсатта қинайды. Бізге берілген бұйрық осындай, біз ұрып-соғуымыз, тәртіпке салуымыз керек дейді. Аяғымды үш жерінен сындырып, сынғанына қарамай тепкілеген. Соңғы рет сынып больницаға барғанда врач одан сайын қинап салмады, тек гипс салып берді. 6 ай гипспен жүрдім. Арон Атабекті де жақсы білесіздер. Оны да ұрып-соғып қинап, қолын сындырған болатын. Тірі жүрген адамның денсаулығын мемлекет құртып жіберді. Ол кісімен 2006 жылға дейін 2 рет сөйлескем. Алматы қаласында жолықтық. Ол да сол жер мәселесі үшін, ол кісі Астанаға барып келген болатын. Ол кезде де ол жақтан аяғын сындырып келді. Кейін Шаңырақ оқиғасы болды. Ал соңғы рет ол кісіні 2019 жылы көрдім. ", — дейді Құрманғазы Өтегенов.

Құрманғазы Өтегенов өзіне тағылған айыппен әлі күнге дейін келіспейтінін де айтты.


"Маған тағылған айыпты жартылай мойындадым. Беспорядокқа қатысқаным рас. Бірақ, адам өлтірген жоқпын, арым таза. Біреуді табу керек, крайний қылу керек болды", — дейді ол.

Соңғы жаңалықтар