Жарияланды: 50

Уағызшылардың уағызы қазақи болу керек

Уағызшылардың уағызы қазақи болу керек

Бекжан Тұрыстың айтары бар

Актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бекжан Тұрыс мырза, белгілі журналист, тележүргізуші Нартай Аралбаймен болған сұқбатта өзінің ойын ашық айтты. Ойды-ой қуалап отырып, еліміздегі діни мәселеге тоқталған болатын. Бекжан мырзаның айтуынша, елдегі мешіттерде бабалардың емес, арабтың уағызы ғана айтылады-мыс.

 

Ата-бабадан бері қазақтың дәстүрін ұстанып, салт пен санаға берік болған қазақ халқының бүгінде дінді ұстану қағидасы сан-саққа жүгіріп, адасуға барғанын көз көріп жүр. Ұрпағының болашағына алаңдайтын ата-аналардың "Құдайын" аузынан тастамайтын күннің соңы, баласын мешітке жіберуге қорқатын жағдайға жетті. "Неге?" деген сұраққа Бекжан мырза: "Біздің уағызшылардың да уағызы кішкене дұрыс болуы керек, қазақы",-деп жауап берді. Одан бөлек имамдарымызға кешке дейін арабтың уағызын емес, қазақы дәстүрге сай бабабалар сақтап келген уағызды да насихаттау керектігін айтып жүретінін тілге тиек етті.

Дереккөз: Bugin.kz

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть