Уақытша тіркелуге қатысты Премьер-Министр сын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Уақытша тіркелуге қатысты Премьер-Министр сын айтты

Уақытша тіркелуге қатысты Премьер-Министр сын айтты

Уақытша тіркелуге қатысты түсіндіру жұмыстарына Үкімет басшысының көңілі толмай отыр.

  • 10 Қаңтар 2017
  • 465
Фото - Caravan.kz

«Жаңа заңның нормаларын ел азаматтарына құжаттың күшіне енген күннен, яғни желтоқсанның 22-сінен бастап түсіндіру керек еді», — дейді Бақытжан Сағынтаев. Ал бұл жұмыстар тек қаңтардың 7-сінде басталып, нәтижесінде Халыққа қызмет көрсету орталықтарында ұзын-сонар кезек пайда болды.

— Түсіндіру жұмыстары жүргізілмеген. Бізден тағы да қателік кетті. Енді Халыққа қызмет көрсету орталықтарында операторлар санын барынша көбейтіп, ауқымды ақпараттық-түсіндіру шараларын жүргізу қажет, дейді ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев.

Жаңа заңға сәйкес Қазақстанның өзге қаласына бір айдан ұзақ уақытқа тұру үшін барған кез келген қазақстандық міндетті түрде сол жерде тіркелуі керек. Сонымен қатар, үй немесе пәтерді жалға беретін адамдар да ондағы азаматтарды тіркеуден өткізуі тиіс.

— Азаматтар бұрын тіркелген мекенжайынан шықпай-ақ басқа жерде уақытша тіркеле алады. Заңнамалық құжаттағы ережелерді елемеген адамға бірінші рет ескерту жасалады. Ал екінші рет айыппұл салынады, дейді Қалмұханбет Қасымов.


«Неліктен электронды портал арқылы уақытша тіркелу мүмкін болмай отыр?» деген сауал да Премьер-Министрді мазалады. «Азаматтарға арналған Үкімет» корпорациясы басқармасының төрағасы Данияр Еренчиннің айтуынша, бұл қызмет eGOV сайтында бір айдың көлемінде пайда болады.
 

Соңғы жаңалықтар