Жарияланды: 440

ҰБ: Қазақстанның халықаралық активтері 92.5 млрд долларға жетті

ҰБ: Қазақстанның халықаралық активтері 92.5 млрд долларға жетті

Қазан айының соңындағы жағдай бойынша Қазақстанның халықаралық активтері 92.5 млрд долларға жетті.

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Ұлттық Банкінің төрағасы Данияр Ақышев осылай мәлім етті. Еске сала кетейік, жалпы отырыста «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланған болатын.

«Қазан айының соңында Ұлттық банктің халықаралық резервтері 28.7 млрд. долларды құрады. Ұлттық Қордың шетел валютасындағы активтері 63,9 млрд долларды құрады. Тұтастай алғанда еліміздің халықаралық активтері 92,5 млрд долларға жетті», - дейді Ұлттық банк басшысы.

Оның айтуынша, 2015 жылдың 10 айында депозиттер 14,6 трлн теңгеге дейін немесе 24,6 пайызға өскен. Сонымен қатар, шетел валютасын депозиттер үлесі 55 пайыздан 66 пайызға дейін артқан. «Бұл ұлттық валютаның әлсіреуінен кейін қайта бағалауға байланысты болды. Банктердің экономикадағы кредиттер көлемі 12 трлн. теңгені құрап отыр. Қазіргі күні кредиттерді жандандыру жұмысы жалғасатын болады», - деді Д. Ақышев.  

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін