ҰБТ алдында оқушылар жол ашатын дұға жаттауға кірісті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҰБТ алдында оқушылар жол ашатын дұға жаттауға кірісті

ҰБТ алдында оқушылар жол ашатын дұға жаттауға кірісті

Ұлттық бірыңғай тестілеу жақындағанда оның өткізілу тәртібіне қатысты мәлімдемелер көбейіп кетті. Бүгін Мәжілісте тестілеуде «логикалық сұрақтарды көбейту керек» деген ұсыныс айтылды. Тіпті Білім министрлігіне АҚШ пен Ұлыбританияның тәжірбиесін қолдануға кеңес беріп отыр.

  • 29 Мамыр 2014
  • 525
Фото - Caravan.kz


Тұрсынбек Өмірзақов, Мәжіліс депутаты:

-Ең алдымен түлектердің логикалық ой-қабілетін және білім деңгейін анықтап алу керек. Тестілеуге талапкердің жеке позициясын ашық жеткізуге мүмкіндік беретін сұрақтарды  да енгізген дұрыс. Сонда ғана біз «тисе терекке, тимесе бұтаққа» деген жеңіл әдеттен арыламыз. 

Депутат «ҰБТ» деген арнайы сайт ашып, аудиторияларға онлайн-камералар орнату мәселесін де көтерді. Сонда ата-аналардың емтихан тапсыруға кірген  балаларын ғаламтор арқылы үйде отырып бақылауына мүмкіндік алады.   Сондай-ақ, апелляция уақытын 14 сағаттан кемі 2 тәулікке ұзарту жайлы ұсыныс жасады. Бірақ, мұндай бастаманың биыл ескерілуі екіталай. Өйткені тестілеудің басталуына бар болғаны 5 тәулік қалды. Ал Білім министрлігі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, бірде-бір оқушының «шпаргалка» немесе ұялы телефон алып өтуіне жол бермейміз деп бекініп отыр. Сондықтан ұл-қыздардың өз біліміне сенуіне тура келетін сияқты. Бүгінде  түлектер жаппай мешіт жағалап кеткен. Тіпті Алматы орталық мешіті жеке сайтына жол ашуға көмектесетін дұғаларды да іліп қойыпты.

Соңғы жаңалықтар