ҰБТ мен емтихан тапсыруға арналған дұғалар топтамасы - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҰБТ мен емтихан тапсыруға арналған дұғалар топтамасы

ҰБТ мен емтихан тапсыруға арналған дұғалар топтамасы

Кейбір имамдардың сөзінше болашағына үлкен үміт артып отырған тест тапсырушылар сынақты "біссіміләдән" бастап, Алладан көмек пен жеңілдік сұрап емтиханға кіріскендіктері абзал.

  • 11 Мамыр 2020
  • 4648
Фото - Caravan.kz

Caravan.kz медиа-порталы ҰБТ және емтихан тапсыруға дұғалар топтамасын жариялады. 

Сұрағым бар сайтының ақпараты бойынша, Ұлттық біріңғай тестілеуге кірер алдында, Исра, Таха және Нәжім сүрелерінен аяттар оқылады: 

Қадірменді түлектер, емтиханға дайындалып, қолдан келгенше әзірлігін жасаған студент немесе оқушы мына дұғаларды оқыса, Алланың қалауымен емтиханы жеңіл әрі нәтижелі болады деген үміттеміз. 

Емтиханға кірер алдын мына дұғаны оқыса болады:

Мағынасы: «Раббым! Менің кіретін жерімді оңды қыл және шығатын жерімді де оңды қыл! Әрі маған өз қасыңнан жәрдем күшін нәсіп ет!”

Емтиханға кіргеннен кейін, келіп-түскен сұрақтарға жауап бермес бұрын Мұса пайғамбардың мына дұғасын оқыса болады:

Мағынасы: «Уа, Жаратушы Ием! Менің көңілімді (немесе зейінімді) аш. Маған ісімді жеңілдет. Тілімдегі шырмауды шеш. Менің айтқаным оларға түсінікті болсын! 

Сонда да «талаптыға нұр жауар» демекші, емтиханның қаншалықты нәтижелі болатыны әркімнің өз дайындығына, ізденісіне қатысты екенін ұмытпау керек. Өйткені Ұлы Жаратушы Иеміз былай дейді: 

Ал Орталық Азия жаңалықтар кызметінің сайтында ЖОО (жоғарғы оқу орнына) түскісі келетін түлектерге арнап, Өзбекстан мұсылмандарының ресми порталы жариялаған дұғалар орнатылған: 

Бірінші дұға емтиханды сәтті тапсыруға арналған. "Алла, қинама, жеңілдет. Бұл істі берекелі аяқтауға көмектес" делінген дұғада.

Екінші дұға талапкерлердің біліктілігін көтеруге арналған екен: "Алла, менің жүрегімді аш. Менің ісімді жеңілдет. Менің тілімді түсіну үшін, менің тілімде түйінді шеш".

Qamshy порталына сүйенсек: 


Оқушылар емтихан кезінде мына дұғаларды оқыса, Алланың қалауымен емтиханы жеңіл әрі нәтижелі болады.  

Емтиханға кірер алдын мына дұға оқылады:  

Мағынасы: "Раббым! Менің кіретін жерімді оңды қыл және шығатын жерімді де оңды қыл! Әрі маған өз қасыңнан жәрдем күшін нәсіп ет!".   

Емтиханға кіргеннен кейін, келіп-түскен сұрақтарға жауап бермес бұрын Мұса пайғамбардың мына дұғасын оқыса болады:  

Мағынасы: «Уа, Жаратушы Ием! Менің көңілімді (немесе зейінімді) аш. Маған ісімді жеңілдет. Тілімдегі шырмауды шеш. Менің айтқаным оларға түсінікті болсын!   

"Әл Фатиха" сүресін үш рет оқыған соң, мына дұға оқылады: "Аллахумма, ля сахля илля ма джа'альта-ху сахлян, ва Анта тадж'алю-ль-хазна иза ши'та сахлян!".

Аудармасы: "Иә Алла, Сен жеңілдеткен нәрседен жеңіл еш нәрсе жоқ, әрі  егер Сен қаласаң бұл ауыртпалықты да жеңілдете аласың!"

Екінші шарт — емтиханға жауаптылықпен  қарап, тиісті деңгейде дайындалу. Себебі  хадисте де: "Алдымен түйеңді байла, содан кейін барып Аллаға тәуекел ет" деп айтылған. Яғни, тек Аллаға ғана тәуекел етіп қоймай, әрекет те жасау керек.

Сонда да «талаптыға нұр жауар» демекші, емтиханның қаншалықты нәтижелі болатыны әркімнің өз дайындығына, ізденісіне қатысты екенін ұмытпау керек.

 

Соңғы жаңалықтар