ҰБТ-ның алғашқы күні қанша ұялы телефон мен шпаргалка тәркіленді? - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҰБТ-ның алғашқы күні қанша ұялы телефон мен шпаргалка тәркіленді?

ҰБТ-ның алғашқы күні қанша ұялы телефон мен шпаргалка тәркіленді?

Ұлттық бірыңғай тестілеудің бірінші күнінде қазақстандық мектеп түлектерінен бір қора ұялы телефон мен шпаргалка тәркіленді, деп Білім министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

  • 3 Маусым 2014
  • 3595
Фото - Caravan.kz

«5 962 астам ұялы телефон, 1 783 шпаргалка, 121 калькулятор, алты фотоаппарат, екі рация тәркіленді", — делінген бүгінгі ақпаратта.

Сонымен қатар, ереже бұзған 13 адам аудиториядан шығарылды.

2 маусымдағы тестке жазылған 27 670 түлектің 26 134-і қатысты.

Бірінші күннің қорытындысы бойынша 125 балды Алматының N178 лицейінің түлегі Айғаным Әбдіжапар алды.

"100 балдан астам жинағандар 3 797 (14,5%) адам. 2013 жылы – 2743 (11,4%) болатын", — делінген хабарламада.

2014 жылы ҰБТ өткізу үшін арнайы жабдықталған 155 орын ашылғаны мәлім Оған 92 077 адам қатысады.

Тестілеу бес пән: математика, туған тілі (оқыған тілі), Қазақстан тарихы, қазақ тілі (орыс тілді мектептер үшін) немесе орыс тілі (қазақ тілді мектептер үшін), таңдаған пәні (география, физика, биология, химия, дүниежүзі тарихы, қазақ әдебиеті, орыс әдебиеті, шетел тілі және т.б.) бойынша жүргізіледі.


Тест 125 сұрақтан тұрады (әр пән бойынша 25 сұрақтан), тапсырмлаардың өзі мемлекеттік ққұпия болып саналады.

Тест ұзақтығы — 210 минут.

Тәртіп сақтау, тест сұрақтары мен жауаптарының құпиялылығын сақтау ҰҚК-ге тапсырылды.