Үйде босану трендке айналуда - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үйде босану трендке айналуда

Үйде босану трендке айналуда

Еліміздің қыз-келіншектері арасында үйде босану трендке айналуда.

  • 3 Наурыз 2020
  • 91
Фото - Caravan.kz


Олар отбасындағы жайлы әрі тыныш атмосферада толғақ та жеңіл өтеді дегенді алға тартып отыр. Ал кейбірі дәрігерлердің кәсібилігіне күмән келтіргендіктен осындай қадамға барған. Бұған ақ халаттылар қандай уәж айтады?

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Баланы перзентханада босанған жөн бе? Әлде өз шаңырағыңда туған дұрыс па? Елімізде осындай сауалға бас қатырып жүрген қыз-келіншектер баршылық. Тіпті, ғаламторда қауымдастық құрып, өз тәжірибелерін жариялап отыратындар бар.

СВЕТЛАНА ЗИБНИЦКАЯ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
«Тұңғышымды босанғанымда біраз ауырсындым. Тіпті, екінші рет құрсақ көтеруге ынтам жоғалып, бетім қайтып қалды. Кейіннен өз үйіңде босануға болады дегенді естідім. Осылайша, екінші рет сәби көтеріп, оны осы шаңырағымызда өмірге әкелдім».

Светлана Зибницкая  алматылық. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында өз тәжірибесіне сүйене отырып, үйде босанудың артықшылықтарымен бөлісуді әдетке айналдырған. Оның сөзінше, осындай қауіпті қадамға бел буған әйелдер тыныш та жайлы атмосферада толғатқанды жөн санайды. Тіпті, бала өмірге келе сала оны отағасының жейдесіне орап, ырымдайтындар да жоқ емес. Ал ақ халаттылар болса, перзентханаға асықпайтындар мен ем-шарадан мүлдем бас тартатындардың азаймай отырғанын айтады. Үйде босану дәстүрінің қайта жаңғырып келе жатқанын олар да растап отыр.

ҒАЛЫМ ҒАБДУЛЛИН, АКУШЕР-ГИНЕКОЛОГ
«Біз олармен алдын-алу шараларын өткіземіз. Бұл жаңаұ трендтің зиянды тұстарын айтып, түсіндіреміз. Ана мен баланың өмірін тәуекелге тіккенмен бірдей. Жаңа туған сәбидің жағдайы кез келген сәтте ауырлап кетуі мүмкін. Үйде туған сәбидің жағдайы нашарласа, біз тез арада көмек көрсете алмай қаламыз».

Перинаталдық орталықтарда жылына 8000-нан астам сәби өмірге келсе, 0,3-0,4 %-ы үйде босанғандар. Дәрігердің көмегінен мүлде бас тартқандардан бөлек, перзентханаға жете алмай кіреберісте немесе жолда туып қалғандар көптеп кездеседі. Жас ана Зарина Зайнуллина екінші сәбиін күтіп жүр. Замандастарының мұндай шешімін ол жауапкершіліктің жоқтығынан деп отыр.

ЗАРИНА ЗАЙНУЛЛИНА, ЖАС АНА:
"Дәрігерге қаралмау, бұл жауапкершіліктің жоқтығы.Қаралмаудың әсерінен көптеген зардап шегіп жатқан адамдар аз емес. Үйде босану бұл өте қауіпті: балаға да, анасына да. Көптеген жағдайлар болып жатады. Мысалы, балалар кіндікке оралып қалып жатады. Дәрігердің арқасында осындай кері әсерді алдын алып, жақсы болып кетіп жатады".

Бірақ, оны кейбір әйел елеп-ескеріп жатқан жоқ. Баланың саулығынан бұрын өз бастарын күйттеп әлек. Жас аналарды қойшы, өзін тәжірибелі санайтын көпбалалы келіншектер де дәрігерлердің көмегіне жүгінбей, немқұрайлық танытады екен. Сондай-ақ, күмәнді ағымды ұстанатын азаматшалар да ақ халаттыларға мүлде ат ізін салмайтын көрінеді.

АЙГЕРІМ СЛАМБЕКОВА, ДӘРІГЕР, АКУШЕР-ГИНЕКОЛОГ:
"Ол дұрыс емес, Әйел адам қажетті емхана, соның ішіне келіп тууы керек. Тағы да білмейміз қандай ауытқулар болуы мүмкін. Доула дегендер шығып жатыр ғой, үйде босандырып алу дегендер. Қазір бәрі дұрыс болуы мүмкін. Бір моментті кроватечение ашылып кетсе қайтеді.Оны пока жеткізгенше больницаға, срочно операция керек".

Бұл пікірдің жаны бар. Өйткені, баспанада санитарлық талаптар сақталмайды әрі болашақ аналарда туу кезінде қан кетуден бөлек, басқа да кеселдердің асқыну қаупі бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, әлемде күн сайын 800-ден астам әйел босану кезінде жағдайы нашарлап, мерт болады. «Олар дәрігердің көмегіне дер кезінде жүгінсе, өлім-жітімнің басым бөлігін алдын-алуға болар еді» дейді мамандар.

Соңғы жаңалықтар