Үйі жоқтарға 2 пайыздық жеңілдікпен ипотека беріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үйі жоқтарға 2 пайыздық жеңілдікпен ипотека беріледі

Үйі жоқтарға 2 пайыздық жеңілдікпен ипотека беріледі

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі азаматтардың кейбір санатына жылдық 2%-бен арзан ипотека беруді жалғастырады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев айтты.

  • 7 Сәуiр 2020
  • 26
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы  BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі биыл 49 млрд теңге есебінен көпбалалы отбасыларға, толық емес отбасыларға және мүгедек балалары бар отбасыларға жылдық 2 пайызбен жеңілдікті қарыздар беруді жалғастырады. Осы мақсатқа 49 млрд теңге қарастырылған. Соның арқасында 5 мың адам баспана жағдайын жақсартады. Қосымша пилоттық жобаның шеңберінде 210 млрд теңге бөлінді, бұл "5-10-20" шарттары бойынша 16 мың несие беруге мүмкіндік береді, — деді Қайырбек Өскенбаев.

Ол сонымен қатар, құрылыс индустриясы туралы айтты. 

Бүгінгі таңда құрылыс өнімдерінің негізгі материалдарына нарықтың сұранысы 669 млрд теңгені құрайды. 330 млрд теңгеге өнім өзімізде өндірілсе, 339 млрд теңгенің өнімі импортталады. Импортты алмастыру жұмыстары аясында 33 жаңа жоба іске асырылып жатыр. Осы кәсіпорындарды іске қосқаннан кейін импорт үлесі 54%-ға дейін төмендейді және тұрғын үй құрылысында қазақстандық құрылыс индустриясының өнімдерін қолдану 95%-ға дейін артады, — деді бірінші вице-министр.


Айта кетейік, ҚР премьер-министрі Асқар Мамин 15 миллион шаршы метр тұрғын үйдің салынуы мен берілуін қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ, Үкімет басшысы әкімдерге құрылыстың жедел қарқынын қамтамасыз етуді, қаржыландыру жоспарларын түзетуді және бұған дейін мәлімделген мерзімдерді қайта қарауды да тапсырды.

Соңғы жаңалықтар