"Үйімнің ішіне кіргім келмейтін": Айтыскер Аманжол Әлтаев әйелі мен кенже қызынан айырылған кезін еске алды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Үйімнің ішіне кіргім келмейтін": Айтыскер Аманжол Әлтаев әйелі мен кенже қызынан айырылған кезін еске алды

"Үйімнің ішіне кіргім келмейтін": Айтыскер Аманжол Әлтаев әйелі мен кенже қызынан айырылған кезін еске алды

Осыдан 16 жыл бұрын айтыскер ақын Аманжол Әлтаевтың сүйікті жары мен қызы жол апатынан қайтыс болған. 

  • 23 Мамыр 2023
  • 216
Фото - Caravan.kz

Ақын бұл қайғыны "Алғашқы" бағдарламасында қонақ болған кезінде еске алды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

"Екінің бірі көтере алмайтын сынақ болды. Расында, отбасымыз қанатын енді жая бастағанда, тосыннан болған қайғы болды. Асыл жарым Ақмарал мен қызым Ханзаданың жол апатынан кетіп қалғаны Алла тағаланың маған берген ең үлкен сынағы еді. Өмірдің өзі күңгірттеніп, мән-мағынасы қалмай, елдің ортасына барғым келмей, ешкіммен сөйлескім келмей, оңашалана беруді қалайтын сәттер болды. Үйімнің ішіне кіргім келмейтін, бұлыңғыр, бір-біріне ұқсас күндер өтті. 

Жарым қайтыс болғаннан бастап намазға жығылдым. Тығырықтан шығатын жол іздеп, жанталасқан кездегі ең үлкен ақылшым — Абай атам болды. 


Әрине ең үлкен себеп — уақыт. Уақыт өте келе жара біртіндеп жазылады. Балалар өседі, немерелерім бар. Осының барлығы өмірдің тек қара жолақтан тұрмайтындығын, бүгін сені мұңайтқан Алла ертең қуанта да білетінін сезіндім. Сол үшін тәубеме келдім. Анасынан айырылғанда төрт жаста болған Ақжолтайым қазір жиырмаға аяқ басты. Үлкен қызым 4-5 оқитын кезінде қалған, қазір одан екі жиен сүйіп отырмын", — деді айтыскер. 

Соңғы жаңалықтар