Үйін жезөкшелерге жалға берген Нұр-Сұлтан тұрғынына айыппұл салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үйін жезөкшелерге жалға берген Нұр-Сұлтан тұрғынына айыппұл салынды

Үйін жезөкшелерге жалға берген Нұр-Сұлтан тұрғынына айыппұл салынды

Учаскелік полиция инспекторы өзінің әкімшілік аумағын тексеріп, «Учаске» жедел алдын-алу іс-шарасы аясында Гёте көшесіндегі үйдің иесі өз үйін жыныстық қызмет көрсету үшін жалға бергенін анықтады.

  • 18 Қазан 2019
  • 16
Фото - Caravan.kz

Елорда тұрғынына үйін интимді қызмет көрсететін жеңіл жүрісті қыздарға жалға бергені үшін 250 мың теңге айыппұл салынды, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы ПД-нің баспасөз қызметі Skifnews.kz ақпарат порталына.

Учаскелік полиция инспекторы өзінің әкімшілік аумағын тексеріп, «Учаске» жедел алдын-алу іс-шарасы аясында Гёте көшесіндегі үйдің иесі өз үйін жыныстық қызмет көрсету үшін жалға бергенін анықтады. 

Нұр-Сұлтан қаласының мамандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен 31 жастағы «А» есімді азамат ҚР ӘҚБтК-нің 450-ші бабының 1-ші тармағы бойынша «Жезөкшелікпен айналысуға немесе жезөкшелерге үй беріп, көмек көрсеткені үшін» 100 АЕК (252 500 теңге) айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жыл басынан бері Нұр-Сұлтан қ. ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасымен ҚР ӘҚБтК-нің 450 бабын бұзған 30-дан астам тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Соңғы жаңалықтар