Үйіне қайтуға 2 ай қалған: Тараздағы әскери бөлімде сарбаздың мәйіті табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үйіне қайтуға 2 ай қалған: Тараздағы әскери бөлімде сарбаздың мәйіті табылды

Үйіне қайтуға 2 ай қалған: Тараздағы әскери бөлімде сарбаздың мәйіті табылды

Әскери бөлім басшылығы қайтыс болған жігіт бөлімдегі үздік сарбаздардың бірі болғанын айтады. Әскери борышын өтеуге Ақтөбе облысынан шақырылған.

  • 29 Қазан 2019
  • 19
Фото - Caravan.kz

Таразда 20 жастағы Батырхан Болаттың өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Sputniknews.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Жігіттің өз-өзіне қол салғаны хабарланып отыр. Оның денесін өзге сарбаздар тапқан.

Бөлім басшылығы сарбаздың мұндай қадамға баруына әскердегі әлімжеттік себеп болуы мүмкін деген болжамды жоққа шығарды. Олардың айтуынша, Батырхан бөлімдегі үздік сарбаздардың бірі болған. Барлық шараға белсенді қатысатын, фотосы құрмет тақтасына ілінген.

Батырхан Болат әскери борышын өтеуге Ақтөбе облысынан шақырылған. 2019 жылдың 2 желтоқсанында үйіне оралуы тиіс болатын.


Соңғы жаңалықтар