"Үйіңді, алтыныңды, шубаңды әперемін": Қаскелеңдегі мешіт имамы күйеуі бар әйелді төсекке шақырған - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Үйіңді, алтыныңды, шубаңды әперемін": Қаскелеңдегі мешіт имамы күйеуі бар әйелді төсекке шақырған

"Үйіңді, алтыныңды, шубаңды әперемін": Қаскелеңдегі мешіт имамы күйеуі бар әйелді төсекке шақырған

Имамға алданған әйел жанайқайын жеткізді.

  • 14 Мамыр 2021
  • 6772
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы "Кел татуласайық" бағдарламасына сілтеме жсап хабарлайды. 

Қаскелең қаласындағы "Ақмешіт" мешітінің имамы күйеуі бар әйелге ашық түрде тиіскен. "Арқамнан ұстап, санымнан сипайды, арқамнан массаж жасайтынды шығарды. Күйеуіңді қайтесің, мұны не қыласың, үстіңе тоныңды әперемін, үй әперемін", деп әйелдің басын айналдырған. 

Күйеуі жұмыссыз қалған әйел мешіт имамынан көмек сұрап барғанына өкінетінін айтты. 

Имам көмекке мұқтаж отбасын азық-түлікпен қамтамасыз еткен, күніне 2-3 мың теңге беріп тұрған. Жалғаса келе имам жұмыссыз қалған ер кісіні қасына көмекке жұмысқа алады. Уақыт өте үйіне барып, кілем апарып, көмек берген сыңай таныта жүріп, әйел адамды төсекке шақырған. 

"Қолымызға ақша ұстап, пәтерақымызды төлегенімізге күйеуім де, мен де қуанып мәз болып, имамға ризашылық танытып, бізге Құдай жәрдем беріп жатыр деп арам ой ойламаған едік. Бірақ имам маған ашық түрде тиісе бастады. Имамның бұл әрекетін күйеуіме қорқып айта алмадым. Ол өте мінезі тұйық қатал адам", деп жылады жанайқайын жеткізген әйел. 


 

"Имамның айтқанын істе, істегенін істеме" дейтін еді аталарымыз, бұл шындыққа айналып бара жатыр ма, ойларыңызда жамандыққа бұрмаңыздар дейді бағдарлама жүргізушісі. 

 

Соңғы жаңалықтар