Жарияланды: 380

«Ұйқылы» Калачи ауылынан 69 отбасы көшірілді

«Ұйқылы» Калачи ауылынан 69 отбасы көшірілді

«Ұйқылы» Калачи ауылынан 69 отбасы көшірілді.

Бұл туралы бүгін Қазақстанның орталық коммуникациялар қызметінің Көкшетауда өтіп жатқан көшпелі баспасөз мәслихаты барысында облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов мәлім етті.
Оның айтуынша, Калачи тұрғындарын өзге жерлерге көшіру бойынша белгілі бір жұмыстар жүргізілуде. 

«Қазіргі кезде, аталған елді-мекеннен 69 отбасы немесе тұрғындардың 40 пайыз өзге өңірлерге көшірілді. Бастапқы да олардың қайда көшірілетіні және онда қалай тұратыны, қайда жұмысқа орналасатыны түйтікілді болды. Осы күні бұл мәселе біртіндеп жоспарлы түрде шешілуде. Осы орайда, облыс әкімінің тапсырмасымен бірінші кезекте облыстағы ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларымен Калачи тұрғындарын көшіру жөнінде келіссөздер жүргізілді. Нәтижесінде әр ауданда өздеріне жұмысқа жарамды, мамандық иелерін көшіріп алып, жұмыспен қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, жұмыс берушілер табылды.
Оларға жаңа қоныстарында үй және малмен қамтамасыз етіліп, тұрақты жұмыспен қамтылды. Тіпті, кейбірулеріне үй қайтарымсыз берілсе, кейбірулеріне белгілі бір мерзім ішінде жұмыс істеп өздерін көрсетіп жатса берілетін болды. Сонымен қатар, өзге елді мекендерге көшіп барған калачиліктер көтермеақымен қамтамасыз етілді. Жақында тағы бірнеше отбасын көшіру жоспарланған», - дейді Н.Нұркенов. 
Сонымен қатар, ол облыстағы білім ордаларының жаңа оқу жылына әзірлігіне де тоқталды. Онда ұқанымыздай Ақмола облысында білім ордаларының барлығы жаңа оқу жылына қажетті отын -көмірмен 100 пайыз қамтамасыз етілген. Ал, оқулықпен қамтамасыз етуге келсек, ақмолалықтар биыл алғашқылардың бірі болып бұл мәселесі шешіп қойды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін