"Ұйықтамаңдар, жыланша бұлтаң-бұлтаң етіп жыбырлаңдар": қазақстандық саясаттанушы біртүрлі үндеу тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ұйықтамаңдар, жыланша бұлтаң-бұлтаң етіп жыбырлаңдар": қазақстандық саясаттанушы біртүрлі үндеу тастады

"Ұйықтамаңдар, жыланша бұлтаң-бұлтаң етіп жыбырлаңдар": қазақстандық саясаттанушы біртүрлі үндеу тастады

Саясаттанушы Қазақстанның 100 миллион халықты қиналмай асырай алатын жағдайы бар екенін айтты.

  • 17 Қараша 2022
  • 214
Фото - Caravan.kz

Самат Нұртаза фейсбуктегі парақшасында сіңірі шыққан қазақтың саны 100 миллионға қалай жетуі керектігін жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"8 миллиард болыппыз … не дейін, саннан гөрі сапа десем қатыгез боламын, көбейген дұрыс десем адамзаттың қиналатынын ескермеген боламын. Оның үстіне сұмдық демография “сыйлап жатқан” Азия мен Африка өз биліктерімен ақылдаспайды. Біз күлген “Екі сиыры” да жоқ халықтар 7-8 баладан пытырлатып жатыр. Уганда мен Нигерия, Бангладеш пен Вьетнам түнде ұйықтамайтын халық болып көрінеді.

Бүйіріміздегі Өзбекстан да көзді ашып-жұмғанша “50 миллионбыз” деп жариялайды. Тәжікістанның еркектері Ресейде жұмысқа жалданып жүрсе де, үйіне келгенде ешкімді ұйықтатпайтын сияқты. Тәжікістан бұрыңғы КСРО елдерінің ішінде 30 жылда ең көп өсім көрсеткен мемлекет.

Халқы аз мемлекеттер — бай мемлекеттер. Скандинавия, Балтық, Батыс Европада бір отбасыға 1.3-1.8 баладан. Сіңірлер аш болса да, түнде ұйықтамайды. Өздері сияқты сіңірлерді көбейтіп жатыр. Кедейшілік, төңкеріс, эпидемия, соғыс — не важно. “Әр баланың өз несібесі бар” дейді де, бұлтаң-бұлтаң жыланша жорғалай кетеді. Нәтижесінде 8 миллиардқа сол сіңірлердің арқасында жеттік.

Қазақтың көзқарасымен қарасақ, Қазақстан 100 миллион халықты қиналмай асырай алатын жағдайы бар. 20 аймақтың әр қайсысында 5 миллионнан халық болса, байқамай да қаламыз. Бірақ ол күнді біз көрмейміз, тіпті немерелеріміз де “Қазақ 100 миллион болды!” дей алмас. Себептер көп.


Бірақ, күндердің күнінде, жер бетінде халық саны 20-25 миллиардқа жеткенде : “Сендердің территорияларың өз сандарыңа сай емес” деген әңгіме шыға ма дегенім ғой. Сондықтан, ұйықтамаңдар, жыланша бұлтаң-бұлтаң етіп жыбырлаңдар. Движение — жизнь", деп жазды. 

Соңғы жаңалықтар