Ұйықтап қалған диспетчерлердің кесірінен ұшақ ширек сағат бойы әуежайға қона алмаған - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұйықтап қалған диспетчерлердің кесірінен ұшақ ширек сағат бойы әуежайға қона алмаған

Ұйықтап қалған диспетчерлердің кесірінен ұшақ ширек сағат бойы әуежайға қона алмаған

China Eastern Airlines әуе компаниясының ұшағы қытайлық Ухань қаласының әуежайына қона алмаған,

  • 19 Тамыз 2014
  • 393
Фото - Caravan.kz

өйткені екі әуе диспетчері жұмыс орында ұйықтап қалған, деп хабарлады сейсенбіде жергілікті БАҚ.

"Боинг-737" Санья (Хайнань аралы) қаласынан шығып, қонуға рұқсат сұраған, алайда 12 минут бойы жерден жауап ала алмаған.

Оқиға 8-шілде күні болған, бірақ ол туралы қазір ғана хабарланған, Интернет пайдаланушылары арасында бұл жәйт қатты сынға алынып отыр, олар әуе жолаушылары қауіпсіздігі деңгейінің аса төмен екендігіне наразы.

Оның бірі "оларды түрмеде ұйықтату керек", деп жазған.