Ұйықтап жатқан иттің үстінен жол салған құрылысшылар жұрттың үрейін ұшырды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұйықтап жатқан иттің үстінен жол салған құрылысшылар жұрттың үрейін ұшырды

Ұйықтап жатқан иттің үстінен жол салған құрылысшылар жұрттың үрейін ұшырды

Үндістанда құрылысшылар ұйықтап жатқан иттің үстінен жол салып, тұрғындардың ашуына тиді. Жануар үстіне ыстық қарамай құйылғаннан кейін өмір мен өлім арасында арпалысып, көз жұмды.

  • 18 Маусым 2018
  • 143
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Жантүршігерлік оқиға Тадж-Махал аймағында орын алған.

Куәгерлердің айтуынша, жануар тірідей көмілген. Кейін жол салушылар оны жартылай көмілген күйінде тастап кеткен. Тек 13 маусым күні таңертең жолай өтіп бара жатқан жолаушылар оны байқаған.

Жергілікті тұрғындар мен жануарлардың құқығын қорғаумен айналысатын қор белсенділері қоғамдық жұмыс департаментіне қарсы шағым түсіріп, аталған факті бойынша тексеру жұмыстарын жүргізуді талап еткен.
Алайда жергілікті билік өкілдері болған жайтқа жол салу жұмысымен айналысқан фирманы кінәлаған.

Полициядағылар болған оқиғаға жол салу жұмыстарын жүргізген фирма жауап береді деп сендірді.


Соңғы жаңалықтар