Жарияланды: 600

Үкімет басшысы Армения, Венгрия, Египет және Түркия дипломатиялық миссиясы басшыларымен кездесу өткізді

Астана. 27 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін үкімет үйінде Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов Армения, Венгрия, Египет және Түркия дипломатиялық миссиясы басшыларымен бірқатар кездесу өткізді, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кәрім Мәсімовтің Арменияның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Василий Казарянмен кездесуі барысында екіжақты ынтымақтастықтың келешектегі бағыттарын дамыту мәселесі талқыланды. Әңгімелесушілер көп тарапты сауда-экономикалық өзара іс-қимылды жандандырудың маңыздылығын атап өтті. Премьер-министр В. Казарянді Армения дипломатиялық миссиясының Қазақстандағы басшысы ретінде қызметке кірісуімен құттықтады және екіқжақты ынтымақтастықты, сондай-ақ халықаралық интеграциялық ұйымдарға қатысу аясындағы тиімді өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетуге сенімін білдірді. ҚР премьер-министрінің Венгрия Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Янош Балламен кездесулері кезінде екі ел арасындағы сауда-экономикалық өзара қарым-қатынасты дамыту мәселесі талқыланды. Қазақстан-венгрия үкіметаралық экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссияның 1-ші отырысының мәселесі қозғалды. Онда екіжақты ынтымақтастығының кең ауқымды басым бағыттарын талқылау жоспарланған. Атап айтқанда, тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастардың нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру мәселесін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, шағын және орта бизнес, туризм мен спорт салаларындағы ынтымақтастықтың қырларын, сонымен қатар білім беру ісі мен денсаулық сақтау саласындағы өзара іс-қимыл мәселелерін қарайтын болады. Я. Балла стратегиялық негіздегі екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға Венгрияның қызығушылық танытып отырғанын жеткізді. "Венгрия, Еуропалық Одақтың болашақ мүшесі ретінде, Орталық Азия өңірде Қазақстанның тұрақтандырушы фактор ретінде қалғанына мүдделі. Біз Қазақстан оған қажетті қаражат пен мүмкіндікке ие екенін көріп отырмыз", -деді Я. Балла. ҚР премьер-министрі К. Мәсімовтің Египет Араб Республикасының Қазақстандағы елшісі Абдалла аль-Арнусимен кездесулері кезінде сауда-экономикалық, мәдени және гуманитарлық салалардағы екіжақты қарым-қатынастарды дамыту келешегі талқыланды. Әңгімелесушілер өзара іс-қимылды одан әрі жандандыру қажеттігіне тоқталды. Өзара түсіністіктің қол жектізілген деңгейі және оны одан әрі тереңдете түсу қазақстан-египет ынтымақтастығын арттыра түсетіндігі атап өтілді. ҚР премьер-министрі К. Мәсімовтің Түрік Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Атилла Гунаймен кездесуінде қазақ-түрік қарым-қатынастарын, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы көптарапты ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөніндегі бірқатар мәселе талқыланды. Премьер-министр Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынастар дамуының үдемелі барысына назар аударды және екіжақты өзара іс-қимылдың одан әрі дамуына деген өз қызығушылығын білдірді. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін