Үкімет басшысы ауылшаруашылығы министрлігіне "Қазына" ТДҚ қаржысын астық түсімін ұлғайту шараларына аудару мүмкіндігін қарастыруды тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет басшысы ауылшаруашылығы министрлігіне "Қазына" ТДҚ қаржысын астық түсімін ұлғайту шараларына аудару мүмкіндігін қарастыруды тапсырды

Үкімет басшысы ауылшаруашылығы министрлігіне "Қазына" ТДҚ қаржысын астық түсімін ұлғайту шараларына аудару мүмкіндігін қарастыруды тапсырды

Астана. 22 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов еліміздің ауылшаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевқа "Қазына" ТДҚ қаржысын астық түсімін ұлғайту шараларына аудару мүмкіндігін қарастыруды тапсырды. Осындай тапсырма бүгін өткен үкіметтің отырысында берілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 22 Сәуiр 2008
  • 499
Фото - Caravan.kz

«Мен қазір министрге осындай тапсырма бердім. Бұл мемлекет басшысының жалпы ауылшаруашылығы саласына берген тапсырмасы. Мүмкін біз кейін осы мәселе бойынша үкіметтің арнаулы отырысын өткізетін шығармыз», — деді Кәрім Мәсімов.

Оның түсіндіруінше, ауылшаруашылығы министрлігінің басшылығы «астық түсімін ұлғайтуға қалай жағдай жасай аламыз, ол үшін біз қандай технологияларды қолдануға тиіспіз, минералды тыңайтқыштарды пайдалану тұрғысында не істеу керектігі жөніндегі» мәселелерді қарауы қажет».

«Жалпы алғанда ауылшаруашылығы саласындағы серпінді жобаларға «Қазына» қорынан бөлуге жоспарлаған қаржыны, мүмкін, шығымдылықты ұлғайтуға шоғырландыру қажет шығар», — деді премьер.

«Осы мәселе бойынша маусым айында үкіметтің арнаулы отырысын өткізетін шығармыз, дайындалыңыздар», -деді Кәрім Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті