Жарияланды: 600

Үкімет басшысы Бангладеш Халық Республикасы үкіметінің сыртқы істер жөніндегі кеңесшісі Ифтехар Чоудримен кездесті

Астана. 20 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов сенбі күні Бангладеш Халық Республикасы үкіметінің сыртқы істер жөніндегі кеңесшісі (министрі) Ифтехар Чоудримен кездесті, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуге қатысушылар сауда-экономикалық, мәдени, ғылыми және гуманитарлық салалардағы екі жақты қарым-қатынастарды дамытудың келешегін талқылады. Тараптар мемлекеттік органдардың, сондай-ақ екі елдің бизнес-құрылымдарының анағұрлым белсенді әрі тығыз ынтымақтастығы қажеттігін атап өтті. Қол жеткізілген өзара түсіністік деңгейі және оны одан әрі тереңдете түсу екі жақты ынтымақтастықты кеңейтуге жол ашатыны атап өтілді. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін