Жарияланды: 470

Үкімет басшысы бірқатар кездесулер өткізді

Астана. 3 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов сенбі күні бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сенбі күні Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов аудиторлық және консалтингілік "Эрнст энд Янг" компаниясының өкілдерімен кездесті. Кездесуге қатысушылар әлемдік қаржылық жағдай туралы пікір алмасты және жағымсыз ықпалды азайту үшін, сондай-ақ жаһандық қаржылық жүйедегі түрақсыздық жағдайының мүмкін боларлықтай сақталу мерзімдеріне қатысты үкімет пен бизнес тарапынан қабылдауға тиіс қажетті шараларды талқылады. "Эрнст энд Янг" компаниясының өкілдері Қазақстан үкіметінің банк секторын тұрақтандыру жөніндегі, атап айтқанда, олардың акционерлік капиталына ену жолымен банктерді қайта капиталдандыру үшін оларға қаржы бөліп отырған шараларды оң бағалады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов Сингапур университеті Ли Куан Ю атындағы мемлекеттік саясат мектебінің ректоры Кишор Махбубанимен кездесті. Әңгімелесушілер Қазақстан мен Сингапур арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық мәселесін талқылады. Атап айтқанда, Қазақстанда мемлекеттік басқару мектебін құру жөніндегі жобаны іске асыру мәселесі сөз болды. К. Махбубани Қазақстанға оқытушыларды тәжірибе алмасу үшін жіберуге сингапур жағының ниеті барын жеткізді. Толықтай алғанда, премьер-министр К. Махбубанидің ұсынысын мақұлдады және аталған бастаманы іске асыру үшін одан әрі ынтымақтастықтың қажеттігін атап өтті. Сенбі күні бұған қоса, Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов "Халық Қозғалысы үшін Одағы" партиясынан сайланған Француз Республикасы парламенті Ұлттық Ассамблеясының депутаты Тьерри Марьянимен кездесті. Кездесуге қатысушылар қазақстан-француз қарым-қатынастарының ауқымды мәселесі жөнінде кпікір алмасты. Т. Марьяни қабылдағаны үшін алғыс сезімін жеткізді және парламентаралық қарым-қатынастар аясында алдағы қаңтар айында Франция мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастарды дамыту жөніндегі жұмыс тобының қосылуы туралы хабардар етті. Оның пікірінше, бұл екі елдің ашық диалогқа және әріптестікке ұмтылысын білдіреді. Әңгімелесушілер келешекте екіжақты байланыстарды нығайту қажеттігін атап өтті және ынтымақтастықтың жемісті дамитынына сенім білдірді. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін