«Менің білуімше, қазір банктер ауылшаруашылығы компанияларына несие беруге тым құлық білдіре қоймайды, бірақ біз биылғы ауылшаруашылығы жұмыстарының кешеуілдеп қалуына жол беруге тиіс емеспіз», — деп мәлімдеді Кәрім Мәсімов.
«Ахметжан Смагұлұлы, мен сізге «ҚазАгро», «Қазына», ҚР ЭМРМ, Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі, және қаржы министрліктерімен бірлесе отырып, бюджетті нақтыламай-ақ, бар қаржының есебінен көктемгі далалық жұмыстарды қосымша қаржыландыру мүмкіндіктері туралы ұсынысты үш күнде енгізуді тапсырамын», -деді ол еліміздің ауылшаруашылығы министпріне қаратып айтқан сөзінде.
Премьердің пікірінше, «жартылай резерв қаржысынан, жартылай «Қазына» қорына бөлінген қосымша қаржыдан ақша бөлуге мүмкіндік бар».
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті