Жарияланды: 370

Үкімет басшысы Серік Ахметовтің және Беларусь Премьер-Министрі Михаил Мясниковичтің қатысуымен келіссөздер басталды

Үкімет басшысы Серік Ахметовтің және Беларусь Премьер-Министрі Михаил Мясниковичтің қатысуымен келіссөздер басталды

Бүгін Астанада Үкімет басшысы Серік Ахметовтің және Беларусь Премьер-Министрі Михаил Мясниковичтің қатысуымен келіссөздер басталды.

«Беларусь біздің стратегиялық достастық әрі сауда әріптесіміз болып табылады»,-деді С. Ахметов келіссөздер барысында. Осы орайда Үкімет басшысы аталған елдің Премьер-Министрінің ресми сапары екіжақты достастықты бұдан әрі қарай нығайтуға және өзара тиімді экономикалық ынтымақтастықты арттыруға жаңа серпін беретініне сенім артты. Өз кезегінде М. Мясникович Беларусь тарапы Астанаға үлкен делегация құрамымен келгенін, екі елдің ынтымақтастығын жаңа деңгейге шығаруға мүдделі екендігін қадап айтты. Өз сөзінде Беларусь Премьер-Министрі делегация жаңа инновациялық ұсыныстармен келгенін, яғни бұл ұсыныстар жаға инвестициялық жобаларға негізделгенін жеткізді. Айта кетейік, кеше елордада сауда-экономикалық әріптестікке негізделген Қазақстан-Беларусь үкіметаралық комиссиясының 9-шы отырысы өткен болатын. Отырыс соңында тиісті хаттама бекітілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін