Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, шетел инвесторлары кеңесінің өкілдері сектордың ағымдағы проблемасына көзқарасты айқындайтын, инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі шаралардың, тарифтік саясат пен тарифті қалыптастыру әдістемесін жетілдірудің, сондай-ақ электр энергиясын өндірушілер үшін тарифтік саясат жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдардың таныстырылымын жасады.
Кездесу барысында сондай-ақ энергия өндірушілер үшін тарифтік саясат жөніндегі үкіметтің ұстанымы талқыланды.
«Кездесудің нәтижесінде премьер-министр ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрі С. Мыңбаевқа шетел инвесторлары кеңесінің өкілдерімен келіссөздерді жалғастыруға тапсырма берді»,- делінген хабарламада.
Өз кезегінде шет ел тарабының өкілдері келіссөздер үдерісіне қатысуға және тығыз ынтымақтастыққа әзір екендіктерін білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті