Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, премьер-министрге үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан қызметіне кіріскен «Шеврон» корпорациясының Еуразиялық бөлімшесінің жаңа атқарушы директоры Джей Джонсон таныстырылды.
«Қазақстан мен корпорация арасында тығыз әріптестік орнатылған және біз бірлескен жұмысымыздың нәтижелеріне разымыз»,- деді Г. Холлингсуорт.
Кәрім Мәсімов «Шевронның» Қазақстандағы жұмысын оң бағалап, компанияның ірі қазақстандық кен орындарын — Теңіз бен Қарашығанақты игеру жөнінде іске асырылып жатқан жобаларын талқылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті