Үкімет еліміздің индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыруға бағытталған 2003-2005-жылғы шаралар жоспарының жобасын талқылауды көздеп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 522.91
  • 548.85
-16 °C
Алматы
2024 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет еліміздің индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыруға бағытталған 2003-2005-жылғы шаралар жоспарының жобасын талқылауды көздеп отыр

Үкімет еліміздің индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыруға бағытталған 2003-2005-жылғы шаралар жоспарының жобасын талқылауды көздеп отыр

Ертең, 15-шілдеде Астанада өтетін кезекті үкімет отырысында ҚР-ның 2003-2015-жылғы индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыруға бағытталған 2003-2005-жылғы шаралар жоспарының жобасы мен Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігін игеру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру шараларының жоспарын талқылауды көздеп отыр. Бұл туралы ҚР үкіметінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 14 Шiлде 2003
  • 517
Фото - Caravan.kz

Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыруға бағытталған 2003-2005-жылғы шаралар жоспарының жобасы туралы ҚР индустрия және сауда министрі Әділбек Жақсыбеков пен экономика және бюджетті жоспарлау министрі Қайрат Келімбетов баяндама жасайды. Ал Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігін игеру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру шараларының жоспарын ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьник таныстырады.

Сонымен бірге, ҚР үкіметінің «Қазақстан республикасының оңтүстік аймақтарын 2003-жылғы вегетациялық кезеңде суармалы сумен қамтамасыз ету жөніндегі» қаулысының жобасы үкімет мүшелерінің талқысына ұсынылмақшы.