жалпы сомасы 41 млн евроға үш келісімге қол қойды. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Оның 22 млн евросы ЕҚДБ-ның бес жыл бойы шағын бизнесті қолдау жөніндегі бағдардамасына бағытталады.
«Бұл бағыт шеңберінде 850-ден астам кәсіпорын қамтылады, 500 бизнес иесіне салалық тренинг өткізіледі және нарықты дамыту бойынша іс-шаралар шеңберінде 250 консультант кәсіби біліктілігін арттырады», делінген бүгінгі хабарламада.
Қазақстанда техникалық қолдау жөніндегі банктік жобаларға қосымша техникалық ықпал ету туралы бірлескен келісім шеңберінде 11,5 млн евро жұмсалады.
$8,2 млн Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға бағытталған жаңа бағдарламаға бөлінеді.