Үкімет мамыр айында Салық Кодексіне енгізілетін өзгертулерді ұсынады - ҚР үкімет басшысының бірінші орынбасары - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет мамыр айында Салық Кодексіне енгізілетін өзгертулерді ұсынады - ҚР үкімет басшысының бірінші орынбасары

Үкімет мамыр айында Салық Кодексіне енгізілетін өзгертулерді ұсынады - ҚР үкімет басшысының бірінші орынбасары

Үкімет қазіргі қолданыстағы салық Кодексіне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобасын мамыр айының басында парламентке ұсынуды көздеп отыр. Бұл туралы бүгін, 24-ақпанда Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР үкімет басшысының бірінші орынбасары Григорий Марченко хабарлады.

  • 24 Ақпан 2004
  • 494
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, салық заңнамасына енгізілетін өзгерістер жобаланып жатқан жаңа бағдарламаларға байланысты. Осыдай бағдарламалар қатарында Г.Марченко білім беру жүйесін дамыту тұжырымдамасын, тұрғын-үй бағдарламасын, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін дамыту бағдарламасын, денсаулық сақтау жүйесін жаңалау бағдарламасын, сондай-ақ, көлеңкелі экономиканы легализациялау бағдарламасын атады. Үкімет басшысының бірінші орынбасарының айтуынша, аталған барлық бағдарламалар «наурыз-сәуір айларында дайын болып, бүкілхалықтық талқылу үшін БАҚ-тарда жарияланады».

«Егер парламент заңдарды жыл соңына дейін қабылдайтын болса, онда 2005-жылдың 1-қаңтарынан бастап еліміз жаңа жағдайда тіршілік ете бастайды»,- деді Г.Марченко.

Соңғы жаңалықтар