Үкімет өнеркәсіп саласындағы негізгі қорды жаңалауға ынталандыру мақсатымен салық заңына өзгерту енгізуді жоспарлап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет өнеркәсіп саласындағы негізгі қорды жаңалауға ынталандыру мақсатымен салық  заңына өзгерту енгізуді жоспарлап отыр

Үкімет өнеркәсіп саласындағы негізгі қорды жаңалауға ынталандыру мақсатымен салық заңына өзгерту енгізуді жоспарлап отыр

Үкімет өнеркәсіп саласындағы негізгі қорды жаңалауға ынталандыру мақсатымен салық заңына өзгерту енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін, 8-шілдеде Астанадағы үкімет отырысында ҚР премьер-министрі Даниал Ахметов хабарлады.

  • 8 Шiлде 2003
  • 419
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, осы бағытта 2004-жылдың 1-қыркүйегіне дейін Салық Кодексіне өзгерту енгізу қажет.

Сонымен бірге үкімет басшысы «мұнай операцияларына салық салу жүйесіндегі кемшіліктер турасында соңғы уақытта жиі айтылып жүргенін» мойындады. Осыған байланысты қоластындағыларға «мәселенің аужайын мұқият түюді» тапсырған үкімет басшысы осыған орай құрылған жұмыс тобына негізгі параметрлерді 1-қыркүйекке дейін дайындау тапсырылғанын хабарлады.
«Егер негізгі капиталға салынған инвестицияларға қысқаша талдау жасайтын болсақ, инвестицияның 80 проценті шикізат секторына жұмсалып отырғаны бірден байқалады. Сол себепті, инвестициялардың басқа салаларға бет бұруына жағдай жасау керек»,- деді бұл орайда фискалдық саясатты бірінші орынға қойған үкімет басшысы . Бұл мақсатты 2003-жылдың 1-қыркүйегіне дейін жүзеге асыру қажет деп шегеледі Даниал Ахметов.

Соңғы жаңалықтар