Жарияланды: 530

Үкімет өңірлердегі жас мамандарды баспанамен қамтамасыз ету мәселесін басты назарға алады

Үкімет өңірлердегі жас мамандарды баспанамен қамтамасыз ету мәселесін басты назарға алады

Үкімет «Ауылшаруашылығын дамыту» бағдарламасы аясында өңірлердегі жас мамандарды баспанамен қамтамасыз ету мәселесін басты назарға алатын болады.

Бұл туралы бүгін zakon.kz порталындағы бейне-онлайн конференция барысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов мәлім етті. «Біз қазір қарасытырып жатқан бағдарламада және ауылды өркендетуге бағытталған нақты қадамдар аясында ауылдардағы жас мамандарды баспанамен қамтамасыз ету мәселесі басты назарға алынатын болады. Бұл бірнеше жылдарға межеленген пакеттің құрамдас бөлігі ретінде қарастырлады», - деді өз сөзінде Үкімет басшысы. К. Мәсімовтің атап өткеніндей, жастарды баспаналармен қамтамасыз ету мәселесі мемлекеттің негізгі тақырыптарының бірі. Алайда тұрғын үй мәселесі бюджет пен мемлекеттің мүмкіндіктеріне өте тәуеллді болғандықтан, мәселенің түйіні «көрпеге қарай көсілу» принципі аясында шешіліп отырмақ. «Бұл мәселелер «Ауыл шаруашылығын дамыту» және жалпы тұрғын үй саласын дамытуға арналған бағдарлама аясында қарастырылуда», - деп атап өтті Үкімет басшысы.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін