Үкімет қайта қалпына келетін қуат көздерінен алынатын электр энергиясының тарифтерін бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет қайта қалпына келетін қуат көздерінен алынатын электр энергиясының тарифтерін бекітті

Үкімет қайта қалпына келетін қуат көздерінен алынатын электр энергиясының тарифтерін бекітті

Қазақстан үкіметі қайта қалпына келетін қуат көздерінен алынатын электр энергиясының тарифтерін бекітті,

  • 13 Маусым 2014
  • 348
Фото - Caravan.kz

деп Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров мәлім етті.

«Атап айтсақ, жел электр станциялары өндіретін электр қуатының 1 кВт/сағаты 22 теңге 68 тиын, күннен қуат алатын станциялар өндіретін электр қуатының 1 кВт/сағаты 34 теңге 61 тиын, шағын гидроэлектр станциялары үшін 16 теңге 71 тиын, биогаз қондырғылар үшін – 32 теңге 23 тиын болып бекітілді», — деді ол жұма күні Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Қазақстандық Astana Solar компаниясының панельдерін сатып алатын күн электр станциялары үшін электр қуатының 1кВт/сағаты 70 теңгені құрамақ. Бұл тариф отындық өндіріс орнын қолдауға бағытталған, деп атап өтті министр.


Аталған тарифтер 15 жыл қолданылады.