«Үкіметпен Парламентпен ақылдаса келе, мынадай шешім қабылдадым: жаңа бес министрлік құрылады. Оның ішінде ұлттық экономика министрлігі құрылмақ. Оған бүгінгі экономика министрлігінің өкілеттігі, бюджеттік жоспарлау мен өңірлік даму қызметтері беріледі. Статистика жөніндегі агенттік пен табиғи монополияларды реттеу агенттіктері, тұтынушылар құқығын қорғау, бәсекелестікті дамыту агенттіктері де осыған кіреді. Премьер-Министрдің ұсынуымен бұл лауазымға Ерболат Досаевты тағайындаймын», — деді ол.
Тоқтала кететін жайт, енді Үкімет он екі министрлік пен отызға тарта комитеттен тұратын болады.