Үкімет Шучинск-Бурабай курортты аймағын дамытуға 47,6 млрд теңге бөледі - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет Шучинск-Бурабай курортты аймағын дамытуға 47,6 млрд теңге бөледі

Үкімет Шучинск-Бурабай курортты аймағын дамытуға 47,6 млрд теңге бөледі

Үкімет 2014-2016 жылдары Шучинск-Бурабай курортты аймағын дамытуға 47,6 млрд теңге бөледі.

  • 13 Маусым 2014
  • 479
Фото - Caravan.kz

Вице-премьер-Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешов Бурабайда өткен Шетелдік инвесторлар кеңесінде президент Нұрсұлтан Назарбаевты курортты аймақты дамыту жоспарымен таныстырды.

Ведомство баспасөз қызметінің хабарлауынша, жоспарға бес түрлі бағыттағы іс-шаралар енгізілген. Олар: курортты аймақтық туристік әлеуетін дамыту, экологиялық проблемаларды шешу, көлік-логистика және телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту, қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

2020 жылға қарай Щучинск-Бурабай курортты аймағын жыл бойы жұмыс істейтін курортқа айналдыру көзделген. Оған 1 млрд 544 млн доллар қаражат қажет. Курортты аймақты дамыту арқылы жаңадан 29 мың жұмыс орны ашылып, 2020 жылға қарай туристер саны қазіргі 300 мыңнан 1 миллионға дейін жетуі тиіс.