Үкімет үлескерлердің үйін бітіру үшін қыруар қаржы бөлді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет үлескерлердің  үйін бітіру үшін қыруар қаржы бөлді

Үкімет үлескерлердің үйін бітіру үшін қыруар қаржы бөлді

Үлескерлер далада қалмайды! Үкімет несиеге берілетін пәтерлердің құрылысын биыл шұғыл аяқтамақ. Ол үшін Ұлттық қордан  қосымша 45 млрд.теңге бөлінеді. Бұл туралы бүгін Ұлттық экономика вице-министрі Марат Құсайынов айтты.

  • 7 Сәуiр 2015
  • 193
Фото - Caravan.kz

Қосымша қаржы құрылысы басталып қойған баспаналарды аяқтауға жұмсалады. Сөйтіп, аумағы 240 мың шаршы метрден асатын пәтерлер жақын күндері пайдалануға беріледі екен. Сондай-ақ, 2015-2016 жылдар аралығында  жалға берілетін тұрғынүйдің де саны артпақ. Ол үшін де Ұлттық қордан қосымша 150 миллиард теңге бөлінеді. Жалпы, Үкімет алдағы 4 жылда аумағы 1,4 млн.шаршы метр баспана салып, жұртқа делдалсыз әрі барынша төмен пайызбен үлестірмекші.