Үкімет: Жер мәселесі Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде қаралады - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет: Жер мәселесі Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде қаралады

Үкімет: Жер мәселесі Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде қаралады

Алдағы уақытта Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне еліміздегі жер мәселесі тақырыбы қаралады.

  • 23 Шiлде 2019
  • 52
Фото - Caravan.kz

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ауыл шаруашылығы жерлерін сату және жалға беру мораторий мәселесіне тоқталған Ж. Қасымбек, «Ауыл шаруашылығы министрлігінің алаңында заң жобасының тұжырымдамасы таныстырылды», — деді.

Осы орайда ол аталған мәселені қоғамдастықпен талқылау тұрғысында өңірлерге сапарлау кестесі бекітілгенін жеткізді.

«2019 жылдың соңына қарай бұл мәселе Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне ұсынылатын болады», — деді Үкімет басшысының орынбасары.


Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі туралы Жарлыққа қол қойды. 

Айта кетейік, Ұлттық кеңеске кімдер кіргені белгілі болды.