Үкіметтен үй алғандар салықтан да үнемдей алады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкіметтен үй алғандар салықтан да үнемдей алады

Үкіметтен үй алғандар салықтан да үнемдей алады

Елімізде жалға берілетін пәтерлердің салығы төмендейтін болды. Арзаншылық тек келесі жылдан бастап үлестірілетін баспаналарға қатысты.

  • 7 Мамыр 2015
  • 516
Фото - Caravan.kz

Қуандық Бишімбаев, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы:

-Заңға өзгерістер енгізілді, ол 2016 жылдың 1-қаңтарынан бастап күшіне енеді. Яғни, келесі жылдан бастап жалға берілген пәтердің салығы 7 есеге төмендейді. Сонда 1,5 тен 0,25 пайызға дейін. Мұның бәрі кезекте тұрған азаматтар тезірек баспаналы болу үшін жасалып жатқан жеңілдіктер.

Яғни, жалға берілетін үйлердің шаршы метріне қарай жыл сайын төлейтін салық азаяды. Бұл онсыз да қалтасы жұқа жас отбасылар мен мемлекеттік қызметкерлер үшін айтарлықтай көмек болғалы тұр. Жалпы алдағы жылдан бастап Үкімет жалға берілетін пәтерлердің санын тағы бірнеше есеге арттырмақшы. Жаңадан аумағы 306 мың шаршы метрден асатын қосымша 5 жарым мыңға жуық пәтер салыну жоспарда бар. Бұл үйлерді алу үшін мемлекеттік бағдарлама бойынша құжат өткізіп, кезекке тұру керек. Оған кез-келген азамат қатыса алады. Ал, жыл соңына дейін Астана, Семей, Алматы, Қостанай, Павлодар, Шымкент, Тараз, Қызылордада 4 жарым мыңнан астам баспананың құрлыыс аяқталып, жұртқа  жалға берілмекші.