«Үкіметтің 2009-2010 жылдағы басты мақсаты — әлемдік дағдарыстың Қазақстанға келтіретін залал-зардаптарын еңсеруге саяды», — деді Н.Назарбаев.
«Үкіметтің алдағы кезеңге арналған басты мақсатын мен шешуші үш бағытта айқындаймын: макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, Қазақстан халқының әлеуметтік ауқатын қамтамасыз ету және экономиканы модернизациялау», — деді ол.
«Премьер-министр мен оның орынбасарлары осы үш саланың әрбір бағыты үшін дербес жауапкершілік жүктеп алуға тиіс. Халық өзінің кірістері мен салымдарының қорғауда екенін сезінуге тиіс. Дәл осы мақсат пен ғаламдық дағдарыс экономиканы мемлекет тарапынан реттеудің маңызын айқындап береді», -деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті