Украина әскері сепаратистерге әуеден соққы беріп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Украина әскері  сепаратистерге әуеден соққы беріп жатыр

Украина әскері сепаратистерге әуеден соққы беріп жатыр

Украинадағы ахуал күн сайын ушығып барады. Луганскіде болған соңғы қырғынға қатысты қарама-қайшы ақпараттар тарауда. Облыс әкімшілігінің ғимаратында жарылған бомбаны сепаратистер әскерилерден көріп жатыр. Ал Киев бұл бүлікшілердің арандату әрекеті дейді. Қалай болғанда да осы жарылыс 10 адамның өмірін жалмады. Марқұмдардың арасында сепаратистік топтың белсендісі, өзін “Луганск халықтық республикасының” Денсаулық сақтау министрі деп жүрген Наталья Архипова да бар. Кескілескен ұрыс қазір Славянск пен Краматорск қалаларында да жүріп жатыр.

  • 4 Маусым 2014
  • 226
Фото - Caravan.kz

Украина әскері ресейшіл сепаратистер орналасқан Луганскге әуеден соққы беріп жатыр. Нысанаға негізінен бүлікшілердің бекініс-бекеттері алынған. Бүгін осындай шабуылдардың бірінен бейбіт халық қырылды деп ресейшіл топтар ғаламторға жарыса жариялап жатыр. Айтуларынша, әскерилер тіпті облыстық әкімшілікке тыйым салынған кассеталық бомбалар тастаған.

Бұл жарылыстан кейінгі алғашқы минуттар. Айналада шашылған адам өліктері мен астаң-кестеңі шыққан саябақ. Оққа ұшып, қаза тапқандардың саны 10 адамнан асады.

Десе де, ресми Киев келтірген ақпарат мүлдем басқа. Әуеден тасталған бомбадан кейін тесік қабырғада емес, апандай болып жер ойылуы тиіс. Әрі оның салдары әлдеқайда ауқымдырақ. Сондықтан бүлікшілер арандату мақсатында саябақтағы жүрген жұртқа граната-атқыштан оқ жаудыруы мүмкін. Немесе біреуі бомбаны абайсызда жарып алған дейді әскерилер.



Ал, бұл Словянск. Қарулы қақтығыс кезінде балабақша қабырғасын да снаряд тесіп кеткен. Сондай-ақ қала маңындағы бүлікшілердің бақылау бекеттері де жермен жексен болыпты. Қаза тапқандардың нақты саны жоқ. Краматорскіде де дәл осындай жағдай. Кеше түндегі қақтығыстан мұнда 3 адам қаза тапқан. Ал Украина билігі елдің шығысындағы ресейшілдерге қарсы арнайы шара ауқымын әлі де ұлғайта түспек. Қазір мұнда қосымша күштер тартылып жатыр.