"Жексенбіде екі жақтан да шабуылды тоқтату туралы Арсен Аваковпен сөйлестік, келіскен болатынбыз. Ендігісі Славянск қаласында гуманитарлық дәліз ашу мәселесі болатын, деді Д.Пушилин.
"Сосын Арсен Аваков оқ атуды тоқтату туралы команда алынды, деп маған SMS жолдады. Алайда, келесі түні Славянскіге ауыр қарудан оқ атылды. Гуманитарлық дәліз ашылмады. Ұлттық гвардия бейбіт тұрғындар отырған автобустарды атқылады", деді ол.
Д.Пушилиннің айтуынша, украиналық жақ өз шарттарын орындамағандықтан, келіссөздерді жалғастырудың мәні жоқ.