Украина Қазақстанға қос күдіктіні экстрадициялады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Украина Қазақстанға қос күдіктіні экстрадициялады

Украина Қазақстанға қос күдіктіні экстрадициялады

Бейсенбі күні Ақмола облыстық полициясы тарапынан іздеу жарияланған Қазақстан азаматтары Киевтен экстрадицияланды.

  • 6 Ақпан 2014
  • 498
Фото - Caravan.kz

Бас прокуратура баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазақстандық құқық қорғаушылардың қолына тапсырылғандардың бірі жол апатында адам өліміне себепші болып, қашып кеткен Ф.Гладких деген азамат.

2010 жылы наурыз айында ол жол ережесін бұзып, жүк көлігімен алты жеңіл машинаны қаққан. Салдарынан екі көліктің жүргізушісі сол жерде жан тапсырып, тағы бір адамның денсаулығына орасан зор зиян келтірілген болатын.

Қылмыстық істі тергеу кезінде қашып кеткен Ф.Гладких былтыр тамыз айында Украинаның Житомир облысында қолға түскен-ді.

Елге қайтарылған азаматтың бірі – Н.Жуанышпаеваға алаяқтықпен айналысты деген айып тағылған.


Бас прокуратура мәліметінше, 2011-2012 жылдары «Ақ Дән» ЖШС директоры болған ол бөгде азаматтардың сеніміне кіріп, 39 млн теңгеден астам қаржыны қалтаға басқан көрінеді. 2012 жылдың мамыр айында халықаралық іздеу жарияланған алаяқ былтыр тамыз айында Украина аумағында қолға түсті.