Украина жаңа Ан-158 ұшағын таныстырды
Украинаның «Антонов» мемлекеттік кәсіпорны 20-26 маусым аралығында Парижде өтіп жатқан «Paris Air Show 2011» авиасалонында өзінің жаңа өнімін - Ан-158 ұшағын таныстырды. |
Бұл туралы Украинаның Инфрақұрылым министрлігі хабарлады.
Ан-158 - 4 мың шақырымға дейін қашықтыққа ұша алатын және 99 жолаушы тасымалдауға арналған өңірлік реактивті ұшақ. Мамандар жаңа ұшақтың сертификациялық сынақ бағдарламасын аяқтап, оның пайдалану жағдайларын кеңейту жөніндегі сынақтарды бастады. Үстіміздегі жылдың ақпан айында Ан-158 ұшағы Иранда 16 ұшу сапарын жасап, теңіз деңгейінен 2200 метр биіктікте орналасқан аэродромдарға қона алатынын дәлелдеді.
Украиналық авиаөндірушілердің пікірінше, Ан-158 ұшағы Ан-148 ұшағының лайықты ізбасары бола алады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін