Украинада Ленинге арналған ескерткіштер жаппай бұзылып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Украинада Ленинге арналған ескерткіштер жаппай бұзылып жатыр

Украинада Ленинге арналған ескерткіштер жаппай бұзылып жатыр

 

  • 11 Шiлде 2016
  • 471
Фото - Caravan.kz

Еуромайдан төңкерісінен бері Украинада  Ленинге арналған 1018 ескерткіш бұзылды. Бірақ елде әлі сонша ескерткіш бар.

Бұл туралы Украинаның вице-премьері Вячеслав Кириленко мәлімдеп отыр, деп хабарлайды bnews.kz.

«Киевте болған төңкерісте Ленин ескерткіші құлатылған болатын. Бұл ескерткіш елімізде Ресей тарапынан жасалған патшалық езгінің бір көрінісі ретінде сипатталды. Мемлекетіміз бойынша 1018 Ленин ескерткіші жойылды, сондай-ақ кеңестік-партиялық қайраткерлерге арналған 148 ескерткіш құлатылды», — деді вице-премьер «Украина радиосына» берген сұхбатында.+

Оның айтуынша, елде әлі Ленин ескерткішінің 1 мыңнан астам данасы қалған.


2015 жылдың көктемінде Украина Радасы қабылдаған заңға сәйкес, елде  коммунист көсбасшыларына арналған ескерткіштер алдағы уақытта сүріліп тасталмақ.

Ал 2016 жылы наурыз айында Запорожье қаласында Владимир Ленинге арналған ең үлкен ескерткіш бұзылған болатын.

Сондай-ақ, Украинада Кеңес үкіметі қайраткерлерінің аты берілген көшелер мен елді мекендер жаппай өзгертіліп жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар