Жарияланды: 270

Украинада парламент сайлауының нәтижесі жарияланды

Украинада кешегі парламент сайлауының алғашқы нәтижесі жарияланды. Алдын ала шығарылған мәлімет бойынша, бұл жолы Жоғарғы Радаға өтуге 5 партия қажетті дауысты жинаған.

Әзірге 36 пайыз дауыспен «Аймақтар» партиясы алда келеді. Билік партиясынан кейінгі орында түрмедегі экс-премьер Юлия Тимошенко жақтастары. «Батькивщина»-ға сайлауға қатысқандардың 21 пайызы қолдау көрсеткен. Коммунистер 15 пайыз, әйгілі боксшы Виталий Ключконың «Соққы» партиясы 12 пайыз дауыс жинады. Жоғарғы Радаға сондай-ақ ұлтшылдардың «Бостандық» партиясы да өтіп отыр. Олардың еншісінде 7 пайыз дауыс.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін