Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаев Украинаның Бірінші вице-премьер-министрі - Экономика министрі Алексий Любченкомен кездесу өткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаев Украинаның Бірінші вице-премьер-министрі - Экономика министрі Алексий Любченкомен кездесу өткізді

Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаев Украинаның Бірінші вице-премьер-министрі - Экономика министрі Алексий Любченкомен кездесу өткізді

2021 жылғы 11 маусымда Қазақстанның Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаев Украинаның Бірінші вице-премьер-министрі - Экономика министрі Алексий Любченкомен кездесу өткізді.

  • 12 Маусым 2021
  • 58
Фото - Caravan.kz

Сұхбаттасушылар екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ 2021 жылы 18 маусымда Киевте өтетін Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстандық-украиналық бірлескен мемлекетаралық комиссиясының келесі отырысына дайындық мәселелерін талқылады.

Тараптар халықаралық сауда, кооперация және инфрақұрылым саласындағы өзара іс-қимылды дамытудың елеулі әлеуеттің бар екенімен келісті. Басым бағыттар қатарына агроөнеркәсіп кешені, инфрақұрылымдық құрылыс, көлік және коммуникация мен туризм жатады.

Бұл мәселелер Қазақстан мен Украина арасындағы ынтымақтастықтың барлық аспектілеріне серпін беру үшін нақты шешімдер әзірлеу мақсатында өткізілетін Мемлекетаралық комиссияның отырысы барысында егжей-тегжейлі талқыланатыны атап өтілді.


Соңғы жаңалықтар