Украинадағы жағдай шиеленісіп барады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Украинадағы жағдай шиеленісіп барады

Украинадағы жағдай шиеленісіп барады

Қарулы қақтығыс күн санап өршіп, адам шығыны көбеде. Тек соңғы тәулікте 250 адам мерт болып, жүзге тарта ауыр ұрыс техникасы жарылған. Донецкідегілер ресми Киевті диверсия дайындауда деп айыптауға кірісті. Олардың ақпараты бойынша, әскерилер бірнеше ірі қаланы ауызсумен қамтамасыз етіп отырған су қоймасын жарып жіберуді көздейтін көрінеді. Ал кеше Украина президенті Петр Порошенко Ресей әскері Донецк облысына басып кірді деп мәлімдеген еді.

  • 30 Тамыз 2014
  • 302
Фото - Caravan.kz


Бұл ұзақтығы бір тәулікке созылған қарқынды шабуыл. Снарядтар Донецк орталығы мен қаланың шеткі тұстарында жарылуда. Аман-қалғысы келген жұрт әр тұсқа қашып, пана іздеуде. Соққы салдарынан алты адам бірден тіл тартпай кетті. Барлығы бір ықшамаудан тұрғындары екен. Санитарлар мәйіттерді алып кетумен айналысса, өрт сөндірушілер қызыл жалынды ауыздықтауға кіріскен. Бірақ жарылыстан соң бұл әурешілікке ұқсайды.

Үй қозғалып кетті. Пәтерде отырғанбыз. Сыртқа қаштық.

Шеткі аудандардағы жағдай мүлдем қиын. Халық көп шоғырланған Михайловкадағы көшелер адам танымастай өзгерген, ал үйлердің басым бөлігі күлге айналыпты.

— Үй  жермен-жексен болды. Сол сәтте әкем мен анам болған. Әкемнің қолын жұлып кетті….

Жарақат алғандарды жедел-жәрдем емес, тұрғындардың өздері ауруханаға алып кетуде. Себебі дәрігерлер ұрыс маңына жақындамайтын көрінеді. Бір тәуліктен артық тыныштық таппаған артиллерияның орналасқан жерін анықтауға Донецк жасағы кірісіп, дыбыс шыққан жаққа бет алды. Енді орманда орын тепкен қарудың көзі жойылған соң айнала біраз уақытқа тынышталатыны сөзсіз. Өз өздерін тәуелсіз деп таныған «республиканың» басшылары ресми Киевті диверсия дайындауда деп айыптады. Ал Украинаның тұрақты әскері бүгін тағы да ресейлік қос десантшыны қолға түсірдік деп мәлімдеді. НАТО-дағылар да бұл елде ресейлік әскерилер мен техникалардың қаптап жүргенін растайтын, жерсерік арқылы түсірілген суреттерді жариялады. Олардың айтуынша, қазір Украинада мыңнан астам орыс жауынгері бар.